Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕЛЕС: БЕКБОТА АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНАДЫ

КЕЛЕС: БЕКБОТА АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЕМХАНА САЛЫНАДЫ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев шалғайдағы Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. Аудан басшысы алдымен өткен кездесу барысында көтерілген мәселердің шешілу процесіне тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады, деп жазады ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
— Бүгін, Жамбыл ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Жыл басынан бері өздеріңізбен 2 есепті кездесу өткіздік. Сол кезде маңызды 8 мәселесі көтерілген. Сол мәселелерді шешу бойыша арнайы іс-шара жоспары істеліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде, — деген аудан әкімі көтерілген әр мәселеге тоқталып өтті.
Атап айтқанда, Бекбота елді мекеніндегі ауыз су құбырына қосымша насос орнату жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауылдың шеткі нүктелеріне ауыз су жетіп, мәселе шешімін тапты. Тұрғындар шалғайлағы ауылдарға арналып заман талабына сай емхана салынса деген сұранысын білдірген болатын. Ол бойынша Бекбота елді мекеніндегі «Жамбыл» дәрігерлік емханасын жаңартуға жер таңдау актісі істеліп, ауданның кадастр мекемесінен жоспары алынды. Қазіргі таңда «Абай» Келес аудандық ауруханасы тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалуда.
Жамбыл ауылдық округінің даму жоспарына сәйкес және тұрғындардың талап, тілегін орындау мақсатында №61 Абай атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдық округі әкімдігі жаңартылады.
Сонымен қатар Бекбота және Майда Бозай елді мекендері аралығындағы облыстық маңызы бар КХ-108 автомобиль жолының 0-11 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары және Ащыкөл мен Қалғансыр елді мекендері аралығын қосатын аудандық маңызы бар КХGS-32 автомобиль жолының 6,8 шақырымына орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыс жоспарына енген болса, биыл Майдабозай елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілмек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*