Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

Еліміздің барлық аймақтарында жылдың суық кезеңі басталды. Осы кезде суық тиіп, тұмауратып қалуыңыз әбден мүмкін. Иммунитеті әлсіз, аурушаң жандар қыс бойы бір емес, бірнеше рет тұмау ауруына шалдығады. Енді көп ұзамай жұқпалы тұмау кең етек алып, ауырып қалу мүмкіндігіңіз бірнеше есе жоғарылайды. Ауруды өткеруді жеңілдетіп, тұмаудан сақтап қалуға вакцинаның көмегі жайлы естіген боларсыз.
Бүгін Түлкібас аудандық орталық емханада тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары басталды.
Бірінші кезекте басшының орынбасарлары бастап, кейіннен медицина қызметкерлері вакцина қабылдады. Тұмауға қарсы вакцина негізінен вирусқа қарсы иммунитетті қалыптастырады және созылмалы аурулардың алдын алады.
Тұмауға қарсы екпе:
Медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
— жүкті әйелдерге;
— 60 жастан асқан адамдар егіледі.
— Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.
Емханаға тіркелген екпе алуға жататын тұрғындарды вакцинациядан өтуге шақырамыз!
Аудандық аурухананың баспасөз орталығы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*