Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жанымды аман алып қалды

Жанымды аман алып қалды

Таяуда ес-түссіз ауруханаға түсіп қалдым. Қызуым көтеріліп, денем қалтырап, лоқсып, ақырында бойымнан әл кетіп талып қалсам керек, әп-сәтте  жедел жәрдем көлігі келіп, мені Асықата кентіндегі  аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Мұндағы тәжірибелі мамандар уақытпен санаспай, әупірімдеп жүріп жанымды аман алып қалды.
Гиппократ антына адал ақ халаттылар бір сәт тыным таппай, барынша ем-дом жасаумен болды. Уақыт өте келе сырқатымның беті бері қарай бастады. Мені ендігі жерде аудандық  аурухананың терапия бөліміне ауыстырды. Бөлім меңгерушісі болып байыпты да байсалды Талғат Орабеков деген азамат істейді екен. Бөлімнің аға мейрбикесі Қарлығаш Оралова деген қызымыз да жөні бөлек жан екен. «Аға, халыңыз қалай? Өзіңізді жақсы сезініп жатырсыз ба?» деп жылы сөзімен жағдайымды сұрап, бәйек болып жатады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тыным таппайтын, жан дауасын молынан себетін көркем мінезді келіншектің кішіпейілділігіне риза болдым.
Осы орайда терапия бөлімінің мейірбикелері Жұлдызай Отарбаева, Клара Нәлібаеваның да есімін ерекше атап өткім келеді. «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің» дегендей, адамның адамгершілігі де осындайда білінеді екен. Дәрігердің жылы сөзі дәріден де күшті екеніне осы жолы толық көз жеткіздім. Осы орайда ұжымды айрандай ұйытып басқарып отырған білікті басшы, аудандық аурухананың бас дәрігері Бағила Өтеулиеваның (суретте) біліктілігін де айта кетсек артық болмас. Ұзақ жыл осы салада жұмыс істеп жүрген Бағила Құралқызының есімі ел ішінде құрметпен айтылып жататыны да бекер емес екен. Білікті дәрігерлердің басын қосқан, мейірімді мейірбикелердің мекені саналатын аурухана ұжымына газет арқылы алғыс айтқым келеді.
Құрбан ЖҰМАНАЗАРОВ,
 еңбек ардагері.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*