
Акцияның алғашқы онкүндігінде «New weve» экологияны қорғаушы еріктілер компаниясы марафон ұйымдастырды. Шара барысында волонтерлар қалалық №46 мектеп-лицейінің айналасына жеміс ағаштарын отырғызды. Жалпы 20 түп алма, 20 түп шие мен 10 түп алмұрт көшеті егілді.

Акция аясында тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары медениет кешендерін көгалдандырып, аумағын толық қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін және шамдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлесімізді қосамыз деп отыр.