Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ҚАЖЫМҰҚАН СТАДИОНЫНЫҢ МАҢЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ҚАЖЫМҰҚАН СТАДИОНЫНЫҢ МАҢЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданының әкімі бастаған тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де, жастар да қатысты. Аудан тұрғындары «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағындағы орындықтарды әрлеп, шөп орып, ағаштарды қырқып, әктеп, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады.
—Әрбір тұрғын қоршаған ортада жүріп-тұру мәдениетін сақтауды бойларына қалыптастыруы керек. Қоқысты қоқыс жәшігіне салудың өзі үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Сондықтан сүйікті Шымкентіміздің гүлденуі үшін барлығыңызды осы акцияға қатысуға шақырамын, — деді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев.
«Шым қала» тарихи-мәдени кешені санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника, 130-дан астам адам жұмылдырылды.

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясының «Киелі мекен» апталығында Тұран ауданында Қажымұқан стадионы мен сол маңдағы спортшылар аллеясында, балалар темір жолы бойында тазалық шаралары өтті.
Науқанға қатысушылар стадион айналасындағы арамшөптерді орып, реттеп, Қажымұқан ескерткіші мен спортшылар аллеясындағы даңқты спортышыларға арналған тақтайшаларды жуып-тазалап, балалар темір жолы бойын қоқыстан тазартты.
—Қажымұқан стадионына еліміз ғана емес, шетелдік азаматтар көп келеді. Түрлі жарыстар мен жиындар өтеді. Сондықтан бұл маңды таза ұстауға, көгалдандыруға көп көңіл бөлінеді,— дейді Тұран ауданы «Қоғамның орта сапасын дамыту» бөлімі басшысының м.а. Жәңгірхан Байсал.
Жалпы, Қажымұқан стадионы аумағында өткен тазалық шараларына жұмысқа 2 техника, 50 адам жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Абай ауданы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар бүгін Асар шағынауданындағы Асар гүлзарын тазалауға шықты.
—Асар шағынауданының азаматтары акцияға дейін де абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын бір кісідей атқарып келген. Ал, Мемлекет басшының тапсырмасынан кейін атқаратын шаруалар еселене түсті. Көктем мезгілі басталғалы барлық көшелер тазаланды. Әр көшеде, участокта тұрғындар арасынан жауапты тұлғалар бекітілген. Ол кісілер осы жердің тазалығына және абаттандырылуына жауап береді. Бұл игі іс алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз, — дейді “Ел Аманаты” қоғамдық бірлестігің төрағасы Сейдахмет Мамырбаев.
Сонымен қатар, тазалық акциясына қатысушылар қазақтың үш биі — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері орналасқан гүлзар аумағында ағаштарды бұтал, кіреберіс алаңның маңайында өсіп тұрған ағаштардың түбін әктеп, арам шөптерді орып, ретке келтірді.
Жалпы, Абай ауданы аумағында жүргізіліп жатқан тазалық іс-шарасына 250 жұмысшы мен 17 техника жұмылдырылған, 40 м3 қоқыс шығарылып, 3000 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.

Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*