Полиция департаментінің мәжіліс залында 2024 жылдың 3 айында облыс аумағында атқарылған қылмыстың алдын-алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке құрам арасындағы тәртіппен заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға департамент бастығы Мұрат Қабденов төрағалық етті. Шараға жедел кеңес мүшелері, салалық басқарма (бөлім) және қалалық, аудандық полиция басшылары, олардың орынбасарлары, бөлімше басшылары мен топ жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде «Полиция департаментінің есептік мерзімдегі жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге басым міндеттері» қаралды. Әрбір сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, атқарылған жұмыстар сараланды.
Сондай-ақ генерал М.Қабденов, облыста жол-көлік оқиғасына байланысты, жол апаттарының алдын алу мен болдырмау мақсатында, тиімді ұсыныстар әзірлеу, профилактикалық іс-шараларды жандандыруды тапсырды. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін рейдтік шараларды күшейтуді тапсырды.
Яғни атқарылған жұмыстар, орын алған кемшіліктер, оларды жою жолдары жан-жақты талқыланып, полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру, оларды оқыту-үйрету жұмыстарына да көңіл бөлуді айтты.
© Jetpisbai.kz