Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. «Киелі мекен» апталығы аясында аудан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде қазақтың үш биі — Төле би, Қазыбек би Әйтеке би ескерткіштері орналасқан гүлзары аумағында ағаштарды санитарлық қырқу, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектерді ретке келтіру, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстары атқарылуда.

Жалпы Абай ауданы аумағында жүргізіліп жатқан тазалық іс-шарасына 250 жұмысшы мен 17 техника жұмылдырылған, 40 м3 қоқыс шығарылып, 3000 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары