Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың састөбеліктердің алдындағы есептік кездесуінде тұрғындар көкейлерінде жүрген ауыз су, ағын су, кәріз жүйесін ретке келтіру, тұрғын-үй, құрылысқа жер телімін қарап беру, мәдениет саласына қатысты өтініштерімен жүгініп, қанағатырарлықтай жауап алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында көтерілген әр мәселені жауаптылармен жеке-жеке талдаған аудан басшысы, Заң талаптарына сай жұмыс атқару бойынша тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, мәдени және тарихи нысандардың аумағын ретке келтіру бойынша кент әкімін сынға алып, ауыл аймақтың тазалығына ауыл жанашырларында ат салысуға шақырды.
Кездесуден соң, Нұржан Жақсылықұлы жеке мәселелерімен жүгінген кент тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, ол жердегі көтерілген әр мәселе бойынша тұрғынның өтінішін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
© Jetpisbai.kz 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*