Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЖАУЫННЫҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАУЫННЫҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкентте 16 сәуір күні толассыз жауған жаңбыр салдарынан Сайрам көшесіндегі кейбір ғимараттарды су басты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірақ жағдай тез арада қалыпқа келтірілді. Қаладағы барлық ауданға қарасты коммуналдық мекемелер су тасқынының алдын алу және нөсер жаңбырдан болатын қауіпті азайту мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Қазіргі таңда қаланың барлық аудандарында коммуналдық қызметке жауапты компаниялар мотопомпалар мен электр сорғыларын пайдалана отырып, қаланың су бұру жүйелерін, құдықтар мен таза су қабылдайтын арық желілерін қадағалап отыр.
Ал, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы жаңбыр суының деңгейі үнемі бақылауда дейді. Сондай-ақ мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына судың кедергісіз өтуі үшін арықтарды, кәріз желілерін және каналдарды таза ұстап, қоқыс тастамауды сұрайды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*