Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, кәсіпкерлермен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Түркістан облысында бәсекеге қабілетті салалардың кластерлерін қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар. Агроөнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін кластерлер өркендеуі мүмкін. Сондай-ақ тігін кластерін құрудың мүмкіндігін қарастыруға болады. Мақтадан дайын өнім шығарсақ, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осы бағыттарға басымдық беріледі. Өңірдегі тігін фабрикаларының мүмкіндіктері сараланып, мемлекеттік қолдау көрсету жолдарын қарастырамыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Возможно, это изображение трава и водоем
Облыс әкімі Қайнарбұлақ ауылдық огругі, Тоған ауылындағы «Көмеш балық» шаруа қожалығының балық өсіру жұмысымен танысты. Тауарлы балық өсіретін шаруашылық 2017 жылы құрылған. Жоба құны – 750 млн теңге.
Жылына 721,6 тонна балық өндірілетін шаруа қожалықта «сазан», «ақ амур», «ақ тұқы», «судак» балықтары өсірілуде. Мұнда 19 адам жұмыспен қамтылған. 259 га жер телімінде тауарлы балық өсіретін 13 тоған бар. Бүгінде қожалықта жасанды түрде шабақ өндіру, тауарлы балық өндіру, қыстау тоғандарында аталық-аналық күтіп баптау қызметтері жүзеге асып жатыр.
Возможно, это изображение 4 человека
Одан соң өңір басшысы Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тасжолының бойында орналасқан «АХБК» ЖШС-нің тігін фабрикасына аялдады. 2018 жылдың қараша айында іске қосылған фабрикада арнайы формалар, әскери киімдер, төсек-орын бұйымдары тігіледі. Шағын кәсіпорын жылына 1 млн дана киім-кешек пен төсек орын бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Шикізат Ресей, Түркия елдерінен тасымалданады. Бүгінде кәсіпорын өнімдері негізінен ішкі нарықты қамтамасыз етіп отыр. Аталған өндіріс орнының құны 1200,0 млн теңгені құрайды. 1,2 га аумақты алып жатқан шағын кәсіпорында жергілікті 100 адам жұмыс істейді. Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс орнын ұлғайтуды көздеп отыр.
© Jetpisbai.kz 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*