Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының “Киелі мекен” апталығы аясында аудан орталығындағы «Менің Қазақстаным» саябағында «Жастар орталығы»КММ мен «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-нің қызметкерлері және аудан тұрғындарының қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді. Акция аясында ұлы сазгер, жерлесіміз Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіш мүсіні мен саябақ ішіндегі туған өлкеміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбек ардагерлеріне арналған ескерткіштерінің айналасындағы арам шөптер шабылып, күл-қоқыстан тазартылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Туған жеріміздің табиғатын аялау мен таза ұстауға шақыратын игілікті шараға 300-ге жуық адам қамтылған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*