Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҰРҒЫНДАР ЖОЛДАҒАН ӘРБІР СҰРАҚ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ТҰРҒЫНДАР ЖОЛДАҒАН ӘРБІР СҰРАҚ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Aудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әр аптаның бейсенбі күні өтетін аудан әкімінің жеке қабылдауында 35 тұрғынның өтініштері қаралды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй мәселесі, аялдама, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, ауыз су мәселесі, бейне бақылау орнату, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
— Біздің мақсатымыз – жеке қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін қанағаттандыру. Алайда, әр мәселе заң аясында шешілуі тиіс екенін де ескерткім келеді,-деді аудан басшысы.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ аудан басшысы қабылдауда әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, жіті бақылауда болатынын атап өтті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*