Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАРТЫТӨБЕЛІК ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨЗ КӘСІБІН АШЫП, НӘСІБІН АРТТЫРУДА

ЖАРТЫТӨБЕЛІК ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӨЗ КӘСІБІН АШЫП, НӘСІБІН АРТТЫРУДА

Ауданда «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашқан азаматтардың саны күн санап артуда. Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған жобаны ұтымды пайдаланған Жартытөбе ауылының тұрғыны Майусов Құрманбек 5 млн теңгені құрйтын 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, бүгінде аса сұранысқа ие термопанель өндірісін жолға қойған. Қазіргі уақытта алғашқы тапсырыстарын бастап үлгерген кәсіпкер 3 азаматты жұмыспен қамтып отыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жартытөбе ауылына арнайы баған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жеке кәсіп иесімен кездесіп, пікір алмасты.
Кәсіпкердің айтуынша,- «Ауыл аманаты» жобасы басталған сәтте жобаға қатысып, өз кәсібімді ашуды ұйғардым. Несиеге қол жеткізіп, термопанель өндірісін кәсіби маман ретінде бастадым. Термопанель өнімі біріншіден үйдің жылылығын қамтамасыз етсе, екіншіден үйдің сыртына керемет көрік береді және қаржылық жағынан да үнемді болады. Ауылым аудан орталығының іргесінде орналасқандықтан сұраныстың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар тарапынан түсуде. Халықтың арқасында табыс тауып отқан соң барынша сұранысқа сай үлгеріп, сапасына мән беру арқылы көптің көңілінен шығуға тырысамын,-дейді.
Возможно, это изображение 3 человека
Кәсіпкердің жұмысымен егжей-тегжейлі танысқан аудан басшысы жаңа бастамасына жеміс тіледі.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*