Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС – НӘТИЖЕЛІ

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС – НӘТИЖЕЛІ

2024 жылдың 18 сәуірінде Еңбекші ауданы Полиция басқармасының, аудандық прокуратураның және аудан әкімдігінің кызметкерлері бірлесіп, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандар санатымен есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және олар жұмысқа орналастыру мақсатында Шымкент қаласы Жұмыспен қамту орталығында жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся, стол и текст
Іс-шара барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар санатымен есепте тұрған тұлғаларға түрлі бос орын жұмыстары (вакансиялар) ұсынылып, жұмыс табуға көмек берілді. Сондай-ақ, қазіргі кездегі әлеуметтік ортаға бейімделуіне, отбасылық жағдайы мен жұмысына байланысты сұрақтар қойылды. Есепте тұратын азаматтарға құқықтық кеңес берілді.
Басты мақсат — есепте тұратын азаматтардың бостандыққа шыққаннан кейін қайта құқықбұзушылық жасауға жол бермеу. Әлеуметтік қолдау көрсетіп, әлеуметтік ортаға бейімделуіне қолайлы жағдай жасау. Жұмыссыз жүрген тұлғаларды жұмысқа орналастыру.
Полиция басқармасында бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандар санатымен есепте тұрған жалпы 65 тұлға бар. Оның 5 тұлғасы ағымдағы жылы бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың қаулысымен түзеу мекемесіне кері қайтарылды.
Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и текст
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына сәйкес әкімшілік учаскедегі учаскелік полиция инспекторы жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*