ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
в Қоғам, Әлеумет
170 Просмотров
Аудан әкімі Азат Оралбаев Бөржар ауылдық округінде болып, аса қауіпті зиянкестерге, оның ішінде Марокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеу іс-шараларын бақылап көрді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, аудан әкімінің өкімімен аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу іс-шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысшы штаб құрылған.

Ағымдағы жылы марокко шегірткесінің дернәсілдерін зерттеуге – 47,0 мың га жер, химиялық өңдеуге – 14,2 га, прус шегірткесінің дернәсілне – 4,0 мың га, жергілікті саяқ шегірткесіне – 2,0 мың гектарға мониторинг шаралары жоспарланған.

Аудан аумағында шегіртке зиянкестеріне дәрнәсілдеріне сапалы және дер кезінде анықтау үшін бес ауыл округінде екі ай (сәуір-мамыр) бойы 20 анықтаушы зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Мысалы, Бөржар ауыл округінің Қалаш елді мекенінде 4 техникамен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге
105 гектардан астам аумақ дәріленді.
2024-04-21