Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮЛКІБАСТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗ БОЙЫНА МЫҢНАН АСТАМ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

ТҮЛКІБАСТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗ БОЙЫНА МЫҢНАН АСТАМ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан аумағындағы сенбілік жұмыстары аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен қарқынды жалғасуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбі күннің ауа-райы қолайлығын пайдаланған жалпы мыңнан астам мемлекеттік мекеме қызметкерлері азаңғы 9-30 дан бастап аудан аумағынан өтетін 60 шақырымды құрайтын Жамбыл облысының шекарасынан бастап, Сайрам ауданының шекарасына дейінгі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойына сенбілікке шығып, ағаштарды реттеу, түбін әктеу, қураған ағаштар мен күл-қоқыстан тазарту сынды жұмыстарды атқаруда.
Возможно, это изображение 7 человек и трава
Бұл жерде әр мекемеге тиісті аумақ бөлініп, ол жерлерге қажетті әк, су ауылдық округ әкімдіктері тарапынан жеткізіліп тұрды. Жиыналған қоқыстарға арнайы техника қойылып, тиісті орындарға тасымалдануда.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары, автокөлік жүргізушілері және жолаушылар!
Тазалық оны сақтаған жерде болатыны белгілі. Сол себептен, жол жүргенде ішіп-жеген және басқа да заттардың қалдықтарын лақтырмай, жинап арнайы орындарға тастау керектігін ескертеміз!
Возможно, это изображение 8 человек и трава
Тынымсыз тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан жандардың еңбегін бағалайық!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*