Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 130 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 130 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

Түркістандықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен кезекті жалпыхалықтық сенбілікке белсене қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңғы 9-дан басталған шараға 1000- нан астам қала тұрғыны атсалысты. Шаһардың 40 көшесінде тазалық жүргізіп, 130 тонна қоқыс жинады.
Одан бөлек, тұрғындар өз аулаларын реттеп, көгалды аумақтарына күтім жасады. Ағаш түптерін әктеп, ескірген қасбеттер боялды.
Айта кетейік, жалпыхалықтық сенбілікке әкімдік тарапынан 30 техника күші жұмылдырылды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*