Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 3 мамырда сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Мырзакент кенті,С.Қожанов көшесі №17), жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында (Мырзакент кенті,С.Жаштаев №81) өтетінін хабарлаймыз, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 2 мамырға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 — 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
© Jetpisbai.kz