Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » БІЛІМГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ – САНАДАН

БІЛІМГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ – САНАДАН

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланды. Шымкенттің білім саласында сыбайлас жемқорлық фактілерінің тыйылмай отырғаны рас. Директорлардың қарамағындағы қызметкерлерден ақша жинағаны, жұмысқа орналасу үшін ақша сұрайтыны сияқты әңгімелерді естіп қалатынымыз жасырын емес…
Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев және мектеп директорлары қатысты.
Жиында баяндама жасаған қалалық білім беру басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, ата-аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату үшін атқарылып жатқан істерді де атап өтті. Сонымен қатар, қаланың бас ұстазы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қызмет етіп жатқанын баяндады. Сондай-ақ, мереке кезінде сыйлық алмау және бермеу, мұғалімдерге сыйлыққа деп ақша жинамау туралы ата-аналарға айтылған.
Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорын тағайындау тәртібіне өзгерістер енген. Осы уақытқа дейін мектеп басшылары конкурс негізінде жұмысқа орналасып, міндетті сертификаттау мен әңгімелесуден өтетін. Алдағы уақытта мектептің бірінші басшыларын кадрлық резервтен алу іске асады.
– Басшы өзінің ар-ұятының алдында адал болуы керек. Біздің мақсатымыз – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, боддырмау. Егер адал әрі әділ білім үшін жұмыс істейтін болса, біз мықты Қазақстанның болашағын қалыптастырамыз. Балаларымыз дамыған елде тұрсын десек, білімге адал қызмет етуіміз керек, – деді Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның төрағасы Жанысбек Өтеген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*