Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » КӨКТЕМГІ ЕГІС АЛҚАБЫНАН 86 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

КӨКТЕМГІ ЕГІС АЛҚАБЫНАН 86 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Шымкент қаласында көктемгі егіс жұмыстары басталып кетті. Биыл жалпы көлемі 26,5 мың гектарға егіс егіледі. Бүгінгі таңда жоспардың 75 пайызға жуығы орындалды. 10 мыңнан астам гектарға дәнді дақыл, 8,6 гектарға малазықтық, ал қалған аумаққа майлы дақыл, картоп пен көкөніс тұқымы себілді.
Сонымен қатар, алдағы күндері бақша мен майлы дақылдар егіледі. Жалпы бұл егіс алқабынан 86 мың тонна өнім жиналады деп күтіледі.
Өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143 млн 226 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде 122 млн 146 мың теңгесі минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, 20 млн 480 мыңы тұқым шаруашылығын дамытуға, ал 600 мыңы пестицид пен биоагенттердiң құнын субсидиялауға бағытталған.
Сонымен қатар, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген 36 тонна жеңілдетілген жанар-жағармайға 1 870 гектар егіс алаңын құрайтын 5 шаруа қожалықтың өтінімі қабылданды.
Шымкент қаласы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген жеңілдетілген жанар-жағармайды таратушы оператор анықталып, «ҚазМұнайГаз» ҰК арасындағы тиісті шарт жасалды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үлестірілу жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетсек,  бүгінгі күнде қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады.
​Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*