Шымкент қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен мегаполисте орналасқан сауда ойын-сауық орталықтарына террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу ұйымдастыру жай-күйіне бақылау жасау, заңнама талаптарын, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Террористік қауіптердің түрлі сценарийлері кезіндегі іс-қимыл тәртібін жеткізу бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерінің дайындық деңгейін төмендетуге жол берген күзет агенттігі қызметкерлерімен қосымша оқыту іс-шаралары жүргізілуде.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу жай-күйіне бақылау жасау, олардың басшылары мен иелеріне қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында аталған бағытта объект тексеру барысында қосымша оқу-түсіндіру сабақтары ұйымдастырылып өткізілуде.
Аталған оқу-түсіндіру сабақтарының негізгі мақсаты – террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы бекінісін ұйымдастыруға ықпал жасау, практикалық бағыттағы іс-шараларды қамтамасыз ету, халықтың қауіпті жағдайды түсініп бағамдау дағдыларын қалыптастыру, экстремалды және төтенше жағдайларда қорғану тәсілдері мен қауіпсіз мінез-құлқын ойластыру, өмірі мен денсаулығын қорғау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ айналадағыларға көмек көрсету.
Тексеру барысында заңмен қарастырылған талаптарды орындамаған террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына және иелеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылық кодексімен көзделген 149-бабы (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) бойынша жауапкершілікке тартылады.
©