Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл ауқымды акцияның 3-аптасы «Жасыл аймақ» деп аталып, апталық барысында елді мекендерде ағаш көшеттерін отырғызу, әктеу және бұтау секілді шаралар атқарылып жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жасыл аймақ» экологиялық акциясы аясында Қызылқия ауылы округі Ынталы елді мекенінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындарынан жалпы саны 150 адам қатысты.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге үлес қосу.
Айта кетейік, сенбілікте мекеме қызметкерлері мен тұрғындар жасыл желек қоршауларын ретке келтіріп, бағаналарын сырлады, ағаштарды әктеп, түптерін қопсытып шықты, қураған ағаштарды кесіп, арық-атыздар тазаланып, күл-қоқыс шығару, тазалау сынды жұмыстарды жүргізді.
© Jetpisbai.kz