Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 13 КАНАЛДЫ БЕТОНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан аумағындағы барлық ауылдық округ, кенттің 7800 гектар суғармалы жерін қамтитын 13 су нысаның бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылы бастау алған бұл жұмыстар сол кездегі мердігердің салғырттығынан және қажетті құрылыс материалдарының күрт қымбаттауынан тоқтап қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, «АТК 777» құрылыс мекемесі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Возможно, это изображение 4 человека
«Қазсушар» мекемесінің аудандық филиалының өкілдерінің айтуынша, аудандағы шаруалардың ыңғайына қарай құрылыс жұмыстары егіндікті суғару маусымы яғни 10 мамырдан бастап қазан айының 1 дейін уақытша тоқтатылып, каналдарға толық су берілетін болады. Ол аралықта мердігер мекеме тарапынан қажеттілігіне қарай механикалық тазалық жұмыстары ғана жүргізілмек.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*