Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР АКЦИЯ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУДЫ БАСТАП КЕТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР АКЦИЯ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУДЫ БАСТАП КЕТТІ

Түркістан қаласында мемлекеттік мекемелер акция аясында өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын бастап кетті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» қызметкерлері бірігіп, мекеме аумағында гүл көшеттерін екті.
Бөлім басшысы Мұхит Көшеновтің айтуынша, аталған шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында жүзеге асқан. Сонымен қоса, көгалдандыру жұмыстары мекемеден қызмет алушыларға жайлы жағдай жасап, экологияны жақсартуға, тұрғындар арасында қала тазалығы мәдениетін дәріптеу мақсатында жүзеге асқан.
Возможно, это изображение 3 человека, цветок и дерево
Айта кетейік, Түркістанда бүгін «Таза Қазақстан» эко- акциясының «Жасыл Аймақ» апталығы басталды. Апталық барысында шаһарда оқу орындары, медицина мекемелері мен сектор тұрғындары өз аулаларын абаттандырып, ағаш, гүл көшеттерін егуді жоспарлауда.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*