Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРЫНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРЫНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкентте үш субұрқақ қайта жаңғыртылады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ордабасы алаңында және Түркістан, Тәшенов көшелерінің қиылысындағы «көл»деп аталып кеткен субұрқақтарды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуді тапсырды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңғырту аясында Әл-Фараби ауданында орналасқан жасанды су айдынын қалпына келтіру жоспарлануда. Қазір оның айналасын абаттандыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, су қоймасының аумағында субұрқақ іске қосылады. Жобада орындықтар, заманауи жарықтандыру шамдары мен көгалдандыру қарастырылған.
Ал Ордабасы алаңында жаңартылған субұрқақтар іске қосылады. Қайта құру барысында жақын маңдағы аумақты жабдықтау жоспарлануда. Бұл шаралар өз кезегінде мәдени нысандарға халықтың көптеп келуіне мүмкіндік береді.
Заманауи талапқа сай жаңартылған демалыс орындары қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды әрі бос уақытты тиімді өткізуге арналған жайлы орын болады.
Жобалар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырылатын болады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*