Aудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Отырар аудандық мәслихатының төрағасы У.Ұзақовтың төрағалығымен өткен сессия отырысына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жансұлтан Сейтжанов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сессияның қарауына:
1. Отырар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/57-VIІI «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Отырар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/63-VІІІ «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Отырар ауданының жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
4.«Отырар ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы — мәселелер енгізілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай хабарлама жасап, аудан бюджетінің салаларға бағытталуы жөнінде түсіндірме берді. Сондай-ақ көп жылғы еңбектері үшін «Отырар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы – аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістерінде жан-жақты талқыланғандықтан, сессия қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстар қолдау тауып, шешім жобалары бір ауыздан бекітілді.
© Jetpisbai.kz