Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ АТҚАРЫЛУ КЕРЕК ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ-КӨГАЛДАНДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ АТҚАРЫЛУ КЕРЕК ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Aудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен лездемелік жиын өтті. Жиынға сала орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынның күн тәртібіндегі мәселе ауылдың барлық көшелерінің тазалығы мен көркейту-көгалдандыруға қатысты атқарылу керек жұмыстар пысықталды. Аудан орталығында бөлінген секторлар бойынша бекітілген мекемелерге көшелерді тазалау, күл-қоқыстарды шығару, аялдамаларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, көшелердің бойындағы жол белгілері мен электр бағаналарын сырлау сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Возможно, это изображение 9 человек и текст
Айта кетейік, Шолаққорған ауылының аумағы 5 секторға, яғни ондағы 144 көше 39 мекемеге бөлінді. Бөлінген секторлар Шолаққорған ауылының аумағын толықтай қамтиды. Барлық жекелеген секторларға жауапты ретінде бекітілген әр мекемеге көшелерінің тазалығы мен көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарастырылған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*