Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АРЫСТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

АРЫСТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Арыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші апталығы – «Жасыл аймақ» шарасы бастау алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айтулы шараға орай, көптеген игі істердің жаршысы боп жүрген қаламыздағы «Қолғабыс» қайырымдылық қоры бастамасымен Жастар саябағы аумағына 100 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Абаттандыру шарасына Сырлыбек Мұсабеков бастаған қайырымдылық қор төрағасы мен белсенді азаматтар өздерінің ұлдарымен бірге ағаш отырғызып, көпке үлгі етті. Ал ағаш көшеттерін әкелуге «Казмонтажком» ЖШС Дәулет Исмаилов демеуші болған.
Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы – ағаш көшеттерін отырғызуға, тал түптерін әктеп, абаттандыруға бағытталған. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Арыс қаласында тал-көшеттерін күтіп-ұстауға бағытталған ауқымды шаралар өтпек.
Ал, апталықтың соңында қаламызда жалпықалалық сенбілік өтеді деп жоспарланған. Оның аясында, қала әкімінің өкімімен 17 секторға бөлінген аумақта тазалық шаралары өтетін болады.
Осы ретте барша тұрғындарды игі шараға атсалысуға шақырамыз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*