Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » 87 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

87 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

«ТАЗАЛЫҚ» жедел-профилактикалық іс-шарасында бір тәулікте 87 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауран ауданының аумағында «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – аудан көлемінде тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Сауран ауданы аумағында өткізіліп жатқан «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қоршаған ортаны ластаған құқық бұзушы тұлғаларға қатысты 87 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілді.
Возможно, это изображение 3 человека
Оның ішінде қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша-28, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру-25 және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша-34 әкімшілік хаттама толтырылды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*