Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » “ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА КӨШЕТТЕР ЕГУДЕ

“ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА КӨШЕТТЕР ЕГУДЕ

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық науқанының “Жасыл аймақ” апталығы аясында Төлеби ауданы аумағында ағаш егіп, әктеп, айналаны күл-қоқыстан тазартып, көше бойларын ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Көше көркін бұзып тұрған ескі ғимараттар сүріліп, мекеме ғимараттары, сауда үйлері, жеке тұрғын үйлердің қас беттері, қоршаулары сырлануда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан халқы акцияға белсенді атсалысуда. Сөзіміздің дәлелі, Бірінші Мамыр ауылдық округі Тағайна елді мекенінің тұрғындары өзен бойындағы қоқыстарды тазалап, өз қаржыларының есебінен жол бойына демалып отыратын орындықтармен түнгі жарық шамдарын орнатты. Сондай-ақ, ұйымдасқан түрде өз қаражаттары есебінен қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін сатып алып келіп, елді мекендерінің көше бойларына егіп шықты. Қазіргі кезде егілген көшеттерді қоршап күтіп ұстау шараларын ойластыруда.
Возможно, это изображение текст «0580AM742 0580AM142 TAGAINA C A REDMI NOTE REDMINOTE11 11»
Бұған қоса, “Мейірім” еріктілер тобының белсенді жастары Ленгір қаласы мен Зертас ауылдық округі арасындағы жол бойына 100 тұп қара ағаш көшетін екті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*