Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР ДЕ ЭКОАКЦИЯҒА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘЖЕЛЕР ДЕ ЭКОАКЦИЯҒА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Республикалық экоакцияның «Жасыл аймақ» апталығында түркістандық әжелер де өз үлестерін қосты. Облыс орталығында орналасқан жаңа ботаникалық бақта қалалық Әжелер алқасының мүшелері тропикалық өсімдіктер мен гүлдерді отырғызды. Мамандар егілген гүлдердің ең кемі 200 жыл жайқалып тұратындығын жеткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияға қатысқан Әжелер алқасының мүшесі Рыс Ташметованың сөзінше, 6 сәуірде басталған акцияға түркістандықтар белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар, шара барысында барша түркістандықтарды экоакцияға белсенді түрде қатысуға шақырды. Одан бөлек, қалада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түптері әктелуде.
Возможно, это изображение 2 человека и платок
Айта кетсек, өткен жылы қала аумағында көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*