«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Сарыағаш ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы жұмыс сапары барысында Жаңатұрмыс елді мекеніндегі тазалық жұмыстарын бақылады.
Жаңатұрмыс елді мекені бойынан өтетін А-15 Республикалық маңызы бар тас жолында 8 шақырым болатын аумақта шөп ору, абаттандыру, әктеу- сырлау жұмыстары жүргізілді. Экоакцияға жалпы 40 еріктілер және 1 техника жұмылдырылды.
© Jetpisbai.kz