Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮЛКІБАСТА ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 700 ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ

ТҮЛКІБАСТА ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 700 ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Бүгін елімізде өтіп жатқан жалпыхалықтық сенбілік аясында ауыл-аймақты көгалдандыру мақсатында аудан аумағындағы республикалық, облыстық маңызы бар жол бойларына, елді мекендердің кіре берістеріне аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен 680 түп шырша, арша, қараағаш, ерен(яссень) ағаштарының көшеттері егілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы биылғы көктемде аудан аумағында 29 590 дана сәнді, жеміс және т.б. ағаштарының көшеттері егілсе, соның 4600 данасы ауыл тұрғындары және демеушілер есебінен “Таза Қазақстан” науқаны аясында отырғызылып отыр.
Возможно, это изображение 7 человек и дерево
Осылайша Түлкібас ауданында ауыл аймақты көгалдандыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Бүгін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жалпыхалықтық сенбілікке ат салысқан жандарға алғысымызды білдіреміз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*