Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданына қарасты Маяқұм ауыл округінің тұрғындары мен белсенді жастары гүл көшеттерін отырғызып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, сенбілік барысында ауылдағы саябақтарды абаттандыру, гүл көшеттерін егу, жол жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды әктеу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Алдымызда 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Мөлдір бұлақ» апталығы өткізіледі.
Барша Қазақстандықтарды «Таза Қазақстан» Республикалық экоакциясына қатысып тұрғын үйлеріміздің алдының тазалығын сақтауға, көшелерімізді абаттандырып ретке келтіруге шақырамыз.
© Jetpisbai.kz