«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда. Игі шараға Арыс қаласы әкімдігінің аппараты басшысы Талғат Анашбеков бастаған әкімдіктің мемлекет қызметлерлері, қаламызда орналасқан әскери бөлім сарбаздары мен теміржол мекемелері атсалысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәй күндері қала басшысының жайлы қалаға айналдыруда талмай еңбек етуші қызметкерлер, сенбіні сауықтыруға жұмсап, қаланың абаттануына өз үлестерін қосты.
Қала әкімінің орынбасары мен мемлекетттік қызметкерлер, әскерилер мен теміржолшылар, кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысқан сенбілікте маңызды шаруалар өз шешімін тапты.
Қаланы аббаттандыруды мықтап қолға алған олар, ізгі шараға бел сыбана кірісіп, жан-жақты қолдау шарасын жүргізді. Мәселен, әскери бөлім сапқа тізілген сарбаздардан бөлек, ауыр жүк көлігін ұсынды. Қала тазалығы мен жайлылығы үшін ештеңе аямайтынын жеткізді. Дәл осындай ізгі эстафетаны құп көрген теміржолшылар да арнайы техниканыкы халық игілігіне берді.
Осылайша, әр салада істесе де, бір мүддеге жұмылған Арыс халқы қаланың көркее түсуіне өз үлестерін қосты. Бір кісідей жиналған олар АрысШымкент тас жолы бойында қырқылған талдарды кесіп-шауып, ауыр жүк көліктеріне артуға көмектесті.
© Jetpisbai.kz