“Таза Қазақстан” акциясының “Жасыл аймақ” апталығы аясында Түркістанда экологиялық іс-шара өтті. Ауқымды шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал қызметкерлеріде қатысты. “Жібек Жолы” саябағында көшет егіп қаланы жасылдандыруға үлесін қосты. Саябақ аумағында көпшілік күшімен 100 ден аса ағаш көшеті отырғызылды.
“Мемлекеттік корпорацияға” қарасты аудан қалалардағы бөлім қызметкерлері де акциядан қалыс қалған жоқ. Өзіне қарасты аумақта тазылық жұмыстарын жүргізіп, көшет екті. Облыстағы аудандарда алдағы күндерде тазалық жұмыстары жанданып көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табады
Акцияның мақсаты -экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Түркістан облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы барша халықты экологиялық акцияны қолдауға шақырады.
© Jetpisbai.kz