«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында әлеуметтік сала мамандары Зертас ауылдық округіндегі жалғызілікті қарттардың жеке үй жайларын күл-қоқыстан тазалады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, бау-бақшасын арам-шөптерден тазартып, ағаштарды әктеп, жеміс ағашының көшеттерін екті. Қураған ағаштарды кесіп, оны арнайы орынға жинады. Тұрғын үйдің сыртын әктеп, қоршауларын сырлап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Зейнеткер, ІІ топ мүгедегі Асанова Зульпия, ауласын абаттандыру ісіне белсене ат салысқан азаматтарға алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
© Jetpisbai.kz