Елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында Қазығұрт ауданы жастары белсенділік танытып, ардагерлер мен қарттардың үйіне барып тазалық жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осындай игілікті шараның бірі бүгін Алтынтөбе ауыл округінде өтті.
Алтынтөбелік ерікті жастар ауыл тұрғыны, қарт ана Утенова Ұлжалғастың үйіне барып, ауласын тазалау, шөбін ору, үй қоршауларын ретке келтіру, ағаштарын бұтау секілді үй шаруаларында көмектерін көрсетті. Қарт ана Мемлекет басшысының бастамасымен өткізіліп жатқан тазалық акциясына оң баға беріп, ерікті жастарға ризашылығын білдірді.
Аудан көлемінде айтулы экоакция алдағы уақытта да жоспарлы түрде өз жалғасын табатын болады.
© Jetpisbai.kz