Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: “СЫН САҒАТТА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МЫЗҒЫМАС БІРЛІГІ АЙҚЫН КӨРІНДІ”

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: “СЫН САҒАТТА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МЫЗҒЫМАС БІРЛІГІ АЙҚЫН КӨРІНДІ”

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 мамыр мерекесі қарсаңында Достық үйінде “Береке – бірлікте” тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға мәслихат төрағасы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры және бірқатар кәсіпкерлер мен волонтерлар және «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты.
Возможно, это изображение 11 человек, помост и текст «1МАМЫР КДЗАКСТАН КАЗАКСТАНХАЛКЫНЫН ХАЛКЫНЫН БРЛИГИ Kyou БЕРЕКЕ БРЛИΚТЕ ต 1МАмЫр КАЗАКСТАН КАЗАКстАНХАЛКЬНЫН ХАЛКЫНЫН БРЛИГΙ куни 高 БиРЕКЕ ЧКТЕ»
Қала басшысы мерекенің маңыздылығына тоқтала отырып, батыс және солтүстік аймақтардағы су тасқыны кезінде жұдырықтай жұмылған халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігін атап өтті. Өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтуге атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, игі іске жұмылған жандарға шынайы ризашылығын білдірді.
Сын сағатта халқымыздың мызғымас бірлігі айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлар, сарбаздар, жастар мен қоғам белсенділері көмекке келіп, еліміздің барлық аймағында арнайы штабтар құрылды. Олар жиналған гуманитарлық көмекті уақтылы аттандыруды ұйымдастырды. Игі істен біздің қала белсенділері де шет қалмады. Кәсіпкерлер, түрлі компаниялар мен ұйымдар, оқу орындары, волонтерлар мен қарапайым тұрғындар алыстағы ағайынға дер кезінде демеу болды – деді қала әкімі.
Возможно, это изображение 3 человека, отдел новостей и текст
Сондай-ақ Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларын жергілікті жерде нәтижелі орындау мақсатында кешенді жоспар әзірленгенін жеткізді. Сонымен қатар көктемгі су тасқыны салдарымен күреске белсене қатысқан 12 азаматты Алғыс хатпен марапаттады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*