Отырарда аудан тұрғындары “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында “Ардагерлер” саябағының ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында жол бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, арамшөптер шабылды. Сондай-ақ талдардың түптері әктеліп, суғарылды.
Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан саялы баққа “Ардагерлер” саябағы атауы берілген болатын. Онда бұған дейін бірнеше көшет түрлері отырғызылып, күтіп- баптау жұмыстары тұрақты ұйымдастырылған. Нәтижесінде бүгінде аталған орында биікке бой созған ағаш-талдар жанға сая, көпшілік көп тұрақтайтын жерге айналған.
Ауданда күнделікті ұйымдастырылып келе жатқан тазалық жұмыстары алдағы уақытта да барлық елді мекенде жалғасын табады деп жоспарланған.
© Jetpisbai.kz