Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны айрықша. Өйткені Тәуелсіз еліміз үшін ел бірлігі, достық пен бауырмалдық баға жетпес байлығымыз саналады.
Түрлі ұлттар мен ұлыстарға құтты мекен болған Арыс қаласы — бірлік пен ынтымақтың арқасында жыл сайын ажарланып, көркее түсуде. Мұның барлығы да кеңпейіл қала халқының ынтымағында деп білемін.
Тоғыз жол торабында тұрып, түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған Арыс халқының ынтымағы жасай берсін!
Қымбатты ағайын!
Тілегіміз – тыныштық пен татулық болсын.
Баршаңызға зор табыс тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, ізгілікті істеріңіз береке мен ырысқа толсын!
© Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА