«Қатты қыстан мал қалса – олжа, қатты аурудан жан қалса – олжа» деп дана бабаларымыз айтқандай, жақындарымыз ауырып қалса, тілеуін тілеп отырамыз. Өкінішке орай, осыдан төрт күн бұрын тілшіміз Гүлдана Дидарбек асқазаны ауырып, ауруханада емделуге мәжбүр болды. Гүлдана бесінші перзентін күтіп жүргендіктен іштегі бала үшін де алаңдап, уайымдап қалғанымыз рас. Бүгін хабарласып, бәрі жақсарғанын жеткізгенде көңіліміз орнына түсті.
Гүлдана Дидарбек Шымкент Қалалық Клиникалық Ауруханасының дәрігерлерінің арқасында аяққа тұрғанына ризашылығымызды жеткізгіміз келеді. Дәрігерлер уақтылы көмегін аянбай, іштегі нәрестенің денсаулығына зияны тимейтін дәрілердің көмегімен емдеп берді.
Осы жазба арқылы Шымкент Қалалық Клиникалық Ауруханасының бас дәрігері Кайрат Калибековке, Хирургия бөлімінің бөлім меңгерушісі Даурен Кабыловке, дәрігер-хирург Мадияр Дүйсеновке арнайы алғысымызды жеткіземіз.
Мемлекет басшысы айтқандай, медициналық көмектің сапалылығы мен қол жетімділігі – адамның әлеуметтік жағдайын көрсететін индикатор. Қиын сәтте адам жанына араша болып қала алатын осынау ақ халатты абзал жандардың жұмыстарына сәттілік тілейміз!
@ Jetpisbai.kz