Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» науқаны Төлеби ауданында көпшіліктің қолдауына ие болып, үш апта бойы тұрақты түрде жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері көше бойларын, мекеме аулаларын ғана емес, көмекке мұқтаж азаматтарға қолғабыс етуде. «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысына ауданның 1 қала, 12 ауылдық округ халқы жұмылдырылып, жалғызілікты қарттардың ауласын тазалауға көмек беруде.
Жалғызілікті қарттарға, ардагерлерге, қарттарға қамқорлық көрсету мақсатындағы тазалық шарасы барысында қарттарымыздың үй жұмыстарына көмек беріліп, аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақ «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген. Үлкенді сыйлап, құрметтеу – ежелден келе жатқан ата салтымыз.
Ленгір қаласында “Мейірім” еріктілер клубының жастары зейнеткер, жалғыз басты 87 жастағы Майдан апа Жатақбаеваның ауласын тазалап, бау-бақшасын ретке келтірді. Жастар қария ауласының бау-бақшасын аударып, ағаштарын әктеп, шөбін орды.
Майдан апа, үй шаруасына қолқабыс еткен жастарға ақыл кеңестерін айтып, батасын беріп, алғысын жеткізді.
© Jetpisbai.kz