Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен ОАОО-ның ерікті жастары еңбек ардагерлерінің мекен жайларына барып, әлеуметтік көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы ретте «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында еріктілер қарттарға құрмет көрсетіп, алғыстарын алып жүр.
Қала жастарынан құралған еріктілер қаламыздың тұрғыны Тилеубергенова Дариха анамыздың үйіне барып, аула жұмыстарына жәрдем етті. Анамыздың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алған қала жастары үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қораны шөптен тазартып, күл-қоқыстарын шығарып қолғабыс етті.
Дария көңілді қариялар үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» дегенді нық ұстанған жастар «мақсатымыз — азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау» дейді.
© Jetpisbai.kz