Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АУДАН БАСШЫСЫ БҚО-НА КӨМЕККЕ БАРҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

АУДАН БАСШЫСЫ БҚО-НА КӨМЕККЕ БАРҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

Aудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Батыс Қазақстан облысына ерікті түрде көмекке барған жерлестеріміз Қазыбек Қуанышбекұлы мен Мейірбек Жуанышбекұлын қабылдап, ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Еліміздің тоғыз облысында бұрын-соңды болмаған су тасқыны орын алды. Орын алған жағдайды еңсеруге аудан халқы да аянбай атсалысқанын білеміз. Игі іске қарияларымызда өз үлестерін қосып, жанашырлық секілді асыл қасиеттерді көрсете білді. Сіздер де су тасқыны салдарын жоюға өз үлестеріңізді қосып, азаматтық таныта білдіңіздер. Алдағы уақытта да үнемі халықтың алғысына бөленіп жүрулеріңізге тілектеспін. Себебі, халықтың алғысына ешқандай мәртебені теңестіруге келмейді,-деген аудан басшысы игі істі арқалаған азаматтарға арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыс етіп, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов ізгі тілегін білдіріп, аудан ардагерлері атынан алғыс хат табыстады.
Батыс Қазақстан облысына өздерінің ауыр жүк көлігі техникаларын қоса ала барған азаматтар онда бас-аяғы 20 күн еңбек етіп келгендерін айтып өтті.
Возможно, это изображение 3 человека и Овальный кабинет
-Біз жолға аса дайындықпен шықтық. Онда апаратын техникаларымызды да тыңғылықты тексерістен өткіздік. Онда бас-аяғы 20 күн болдық. Су бөгеттерін нығайту, бүлінген жолдарды қалыпқа келтіру сынды жұмыстарды атқарып, халыққа көмек көрсеттік,-дейді Қазыбек Қуанышбекұлы.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*