Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан әкімдігінде «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыпов Шымкент қаласының және Түркістан облысының кәсіподақ белсенділерімен кездесті. Кездесуді «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы жүргізіп отырды.
Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі, жұмыс беруші — әлеуметтік әріптес Мыңбаев Рашид Мамытұлы қатысты. «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Хабиұлы кездесуді ашып, жиынның мақсатына тоқталып, үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдарының үлгілі жұмыстарын насихаттау арқылы кәсіподақ беделін арттыру туралы, кәсіподақ жұмысында кездесетін проблемалық мәселелер және оны шешу жолдары туралы пікір алмасып, жиын қорытындысымен кәсіподақ белсенділеріне наградалар мен филиалдардың төрағаларына «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің туларын салтанатты түрде табыстады.
Ал, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ комитетінің хатшысы А.Жалмұрзаева және аудан әкімі Р.Мыңбаев жұмыс беруші — әлеуметтік әріптес ретінде үлгілі тәжіребесімен бөлісті. Сөзге шыққан Түркістан облысы Мақтарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Хаметов ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов кәсіподақ қозғалысын дамытуға ерекше үлесін қосқан «Үздік әлеуметтік әріптес» — Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлы Мыңбаевқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет Грамотасын» және «Қызмет» салалық кәсіподағының «КӘСІПОДАҚ ҚАЙРАТКЕРІ» медалін, ал «Қызмет» салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары — Астана қалалық филиалының төрағасы Атақозы Келденұлы Нұрлановқа «Қызмет» салалық кәсіподағының «КӘСІПОДАҚ ҚАЙРАТКЕРІ» медалін табыстады.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет грамоталарымен»: Шымкент қаласынан: Тұран ауданы әкімінің аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тулекбаева Амаля Айдарбекқызы, Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ешимбетова Гүлмира Оразбекқызы, «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Молдабекова Гүлнұр Орынбасарқызы және Түркістан облысынан Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сапаров Даулетбек Ерубайұлы, «Түркістан — Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі, әлеуметтік әріптес Нұрсейтова Галина Жүсіпбекқызы, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Көбжасаров Рысқұлбек Орынбекұлы марапатталды.