Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕН ОРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕН ОРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Орал қаласында болған су тасқынынан зардап шеккендерге Шымкент қаласынан арнайы көмек жөнелтілді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қиналғанға қол ұшын созатын шымкенттік жастар су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің бірі — Петропавл қаласына гуманитарлық көмектің үшінші легін жолдады.
Бүгін Жастар ресурстық орталығында жиналған гуманитарлық заттар ерікті жастардың көмегімен жүк көлігіне тиелді. 30 тонна жүк тиеген көлікке азық-түлік өнімдері, күнделікті тұрмысқа қажетті гигиеналық құралдар, балаларға қажетті жөргектермен қатар, көрпе-төсектер жиналды.
Жиналған гуманитарлық көмекке қолдау көрсеткен барша ұйымдарға, кәсіпкерлерге, жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен еріктілерге алғысымызды білдіреміз!
Бұл жердегі заттардың басым бөлілі ауыз сулар мен көрпе-төсектер. Қажетті дүниелер сол жақтағы мамандардың арнайы тізімі бойынша жіберілді. Осы бойынша жұмыс атқарған Шымкент қаласының кәсіпкерлері, Кәсіпкерлер палатасының жанындағы өңірлік кеңес мүшелері және Іскер әйелдер кеңесінің атынан салмағы 25 тонна болатын заттар жолдануда.
– Бүгін Шымкент қаласынан басқа өңірлерде орын алған су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға кезекті көмек жіберіліп жатыр. Жалпы кәсіпкерлерден 250 млннан. теңгеден астам көмек жиналып, қаржылай және заттай керекті заттар мен техникар кетті, – дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.
Елімізде болып жатқан соңғы төтенше оқиғаларға байланысты барлық өңірлерде «Жүректен жүрекке», «Күшіміз бірлікте» деген ұранмен гуманитарлық көмек көрсету акциялары өткізілуде. Жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының атсалысумен Шымкент қаласында да белгіленген пунктерге қажетті тұрмыстық заттар мен қаржылай көмектер жиналды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*