Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АҒАШ ТА ЕГІЛДІ, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ДА ЖҮРГІЗІЛДІ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АҒАШ ТА ЕГІЛДІ, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ДА ЖҮРГІЗІЛДІ

Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясының «Жасыл аймақ» атты үшінші аптасы жалғасуда. Бұл апталықтың бағыты бойынша көшеттер отырғызылып, ағаш түптері әкелу керек.
Шымкентте республикалық акция басталғалы бері тазарту, абаттандыру жұмыстарымен қоса көшеттер мен түрлі гүлдер отырғызу жұмыстары да жалғасып жатыр. Қала көшелерінің жағалауына отырғызылған алқызыл, сары, көк гүлдер қаланың ажарын аша түсуде.
Дегенмен, тек қана көшеттер мен гүлдер ғана отырғызылып жатқан жоқ, сонымен бірге күнделікті тазалық жұмыстары да тоқтаусыз атқарылып жатыр.
Нақтырақ айтсақ, Қаратау ауданына қарасты Тұран-1 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Балалар ойын алаңшаларындағы жаттығу құралдары сырланды. Оған тұрғындардың өздері ынталы болып, белсене араласты.
Сонымен бірге, жастар ресурстық орталығының белсенділері де, Шымкент қалалық опера және балет театрының қызметкерлері, Қаратау аудандық коммуналдық мекемесі, тұрғындар, мектеп оқушылары да тазалық жұмыстарына қатысып, өсіп кеткен ағаш бұтақтары қырқылып, шөптер орылды.
Жалпы, республикалық сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат тұрған жерінің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу.
Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Еске сала кетсек, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*