Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Отырыста 5 аудан әкімдері осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінде әр ауданда дала өрттері туындаған жағдайда күш пен құралдарды жұмылдыру және тұрғындарды хабардар ету сызбасы дайындалып, алдын алу және жою бойынша мобильдік топ құрылған. Жауаптылар тілсіз жауды болдырмау мақсатында профилактикалық іс шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Казгидрометтің болжамына сәйкес, алдағы жаз мезгілі аптап ыстық болады деп күтіледі. Осыған байланысты бұл мәселе төтенше жағдайлар департаменті мен төтенше жағдайдың алдын-алу және жою комиссиясында қаралып, кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жалпы қала аумағында «Жасыл Белдеу»және «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жер көлемі 4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды.
Қала басшысы жауаптыларға өрт қауіпсіздігінің алдын алу және жою жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрт- тілсіз жау. Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*