Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ​ИГI ICТЕН ЕШҚАЙСЫМЫЗ ШЕТ ҚАЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК

​ИГI ICТЕН ЕШҚАЙСЫМЫЗ ШЕТ ҚАЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК

Бүгін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. Елорда төрiнде ұйымдастырылған cессияға өңірлерден ҚХА мүшелері онлайн режимде қосылып, алда атқарылар жұмыс көлемінiң ауқымды екенiн ұғынды.

Алдымен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек беруде белсенділік танытқан барша қазақстандықтарға алғыс айтылып, тасқын судан зиян шеккендердiң қалыпты өмiрге оралуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқаны айрықша айтылды.

Алқалы жиында Ассамблеяның ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым екендiгi айтылып, жалпыұлттық бiрлiк жолында жасап жатқан ауқымды жұмыстары аталды.

Мемлекет басшысының: «Сын сағатта біз стратегиялық мақсат-міндеттерімізден айнымаймыз», деген ұстанымда болуы өз кезегінде бiздiң ел ретінде дамудың дұрыс бағытын таңдағанымызды бiлдiредi. Ұлттың жаңа келбетін айқындайтын құндылықтарды дәрiптеуде ассамблеяның әлеуетін жұмылдыру — баршамыздың мойнымызға жүктелген мерейлі міндет деп бiлемiн. Иә, ассамблеяның атқарар жұмыс ауқымын межелеген алқалы жиынның артар жүгi елдің берекелі бiрлiгi жолында бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығаруды талап етедi.

Президент ел дамуына керi ықпал ететiн: нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресудi ассамблеяға жүктеді. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоюға, ел болып қарсы тұруды тапсырды. Және «Ұлы істер шағын әрекеттерден басталатынын» жадымызда қайта жаңғыртты.

Бүгінгi cессияда айтылған әрбiр тапсырманы icке асыру бойынша нақтылы жоспар түзiп, cөз жүзінде емес, нақтылы ic жүзінде icке асыруға жұмылуымыз қажет. Әрқайсымыз жалпыұлттық бiрлiк пен татулықты көздейтiн игi бастамаларды жергілікті жерде icке асырудан шет қалмағанымыз жөн.

 

О.Рахманбердиев, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінiң төрағасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*